National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

2013 жылғы 10 мамыр

Әңгімелесу барысында негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандырудың кең ауқымды мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, сауда-экономика, отын-энергетика және транзит-көлік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық серіктестік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық қырлары қарастырылды.   

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентінің Қазақстанға сапарының маңыздылығын атап өтіп, көршілес екі елдің мәдениет, тіл, дін және рухани салалардағы жақындығына тоқталды.

- Біздің елдеріміз ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық бағыттарын одан әрі белсенді дамыту ниетін танытып отыр. Жоғары деңгейдегі бұл сапар достық және бауырластық рухын нығайтуға тағы да бір серпін беретініне сенімдімін. Біздің екіжақты қарым-қатынасымыз дәйекті түрде дамуда. Қазір біз жаңа жобаны іске қосу алдында тұрмыз. Біз Қазақстаннан Түрікменстанға тікелей теміржол өткелін ашамыз. Бұл әлемдік мұхиттағы ірі порттарға шығуымызға мүмкіндік береді. Бұл біздің елдеріміз үшін үлкен оқиға, - деді Қазақстан Президенті.

Өз сөзінде Түрікменстан Президенті Қазақстанға сапармен келуге шақырғаны және қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.

- Бүгінде біз беделді халықаралық ұйымдар арқылы белсенді көпжақты ынтымақтастық жасап келеміз. Біздің сауда-экономика, көлік, сондай-ақ байланыс пен коммуникация салаларындағы өзара іс-қимылымыз өте қарқынды дамуда. Бұл ретте біздің экономика, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияларымыз елеулі рөл атқарады. Шын мәнінде, тарих, тіл, мәдениет ортақтастығының біздің серіктестігіміздегі маңызы зор. Біз сіздердің өзіндік ерекшелігі бар бай мәдениеттеріңізге ерекше құрметпен қараймыз. Сөз жоқ, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастыққа айрықша серпін береді және біздің байланыстарымызды нығайтуға ықпал етеді, - деді Түрікменстан Президенті.

Кең ауқымдағы келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнағанының 20 жылдығына орайлас өткен бұл сапардың символдық мәні бар екеніне тоқталды.

- Шағын құрамдағы келіссөздер барысында біз саяси, сауда-экономика және мәдени салалардағы бүкіл ауқымды мәселені айқындық және сенімділік жағдайында талқыладық. Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынастарының негізгі тіні сауда-экономикалық ықпалдастық болып саналады. Әлем экономикасындағы жағымсыз үрдістерге қарамастан, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымының едәуір өсімі байқалады. Бұл екі ел экономикасының әлеуеті жоғары екенін білдіреді. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша, біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымының деңгейі 90 пайызға өсті және бұл өте маңызды көрсеткіш. Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының жұмысын жандандырып, екі ел арасында бизнес-форум өткізу қажет деп санаймын, - деді Қазақстан Президенті.                              

Өз сөзінде Гурбангулы Бердімұхмедов сапардың басты мақсаты екі ел арасындағы  екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және сенімді әрі бауырластық қарым-қатынастарды дамыту екендігін атап көрсетті.

Түрікменстан Президентінің мемлекеттік сапары саяси байланыстарды одан әрі дамытуға, сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы шарттық-құқықтық базаның аясын кеңейтуге бағытталған.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің