Жаңалықтар

26 ақпан 2015
Мемлекет басшысы «Қазақстанның халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павловты қабылдады

Кездесуде елдің банк жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

 

Кездесуде елдің банк жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті екінші деңгейлі банктерге артылар жауапкершілік зор екеніне, «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландыру үшін отандық экономикаға солар арқылы қаражат бағытталатынына назар аударды. 

Мемлекет басшысы бұл бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуда, сондай-ақ қаржы жүйесін сауықтыруда маңызды рөл атқаруы тиіс екендігін айтты.

А.Павлов Қазақстан банктерінің бүгінде сыртқы факторлардың ықпалы мен әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық салдарларын сезініп отырғанына тоқталды. Осыған байланысты ол ұлттық валютадағы ликвидтілікті арттыру  үшін бөлініп отырған қаражат бүкіл банк саласының орнықтылығына оң әсерін тигізеді деген пікір білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар