National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

«Болашақ» халықаралық стипендиясы түлегі Диляра Даминованың хаты

2015 жылғы 02 ақпан

 

Хат авторы өзінің 1999 жылы АҚШ-та Рочестер технологиялық институтының магистратурасын «туризм және қонақжайлық»  мамандығы бойынша үздік бітіргенін айтады.

Қазақстанға келгесін Д.Даминова алған білімін тәжірибе жүзінде қолданып, бірқатар мекемелерде жұмыс істейді, ал 2008 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды. Онда қорықтар мен ұлттық саябақтардағы туризмді ұйымдастыруға арналған ұсынымдар көрініс тапқан. Қазіргі уақытта ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қонақ үй менеджменті және туризм пәнінен ағылшын тілінде сабақ береді.

«Біз 1998 жылы Сізге елімізді өркендету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға уәде бердік. Сіздің бастамаларыңыз, атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасы жастарды дамыту мен қолдау тұрғысынан дұрыстығын әрі көрегендікті танытатынын айтқым келеді. Ал біз «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуін көздейтін 2050 Стратегиясын жүзеге асыруға үлес қоса беретін боламыз», – делінген хатта.

Соңында автор Мемлекет басшысына денсаулық және табыс тілей отырып, өзінің еліміздегі туризмді дамыту саласындағы ғылыми зерттеулерін жалғастыратынын атап өткен.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің