National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы мемлекет қайраткері Сергей Дьяченконың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2016 жылғы 26 қазан

Мемлекет басшысы С.Дьяченконың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Ол ұзақ жылдар мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарып, Парламент Мәжілісінде депутаттық өкілеттігін абыроймен орындап, еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық тұрғыдан дамуына қомақты үлес қосты. Отанымыздың нағыз патриоты ретінде өзінің бар ойы мен атқарған ісін Қазақстан Республикасының игілігі жолына арнады. Оның ерен еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді», – делінген жеделхатта. 

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев С.Дьяченконың жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің