Жаңалықтар

2 ақпан 2015
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Серджио Маттареллаға Италия Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Қазақстан мен Италия арасындағы достық, өзара сенім және стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін нығая беретіндігі айтылған.

«Алдағы уақытта Сізбен бірге елдеріміздің зор ынтымақтастық әлеуетін барынша дамытуға күш жұмсайтыныма қуаныштымын», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев С.Маттареллаға зор денсаулық, жаңа қызметіне табыс, ал достас Италия халқына бақ-береке тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар