National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2016 жылғы 09 қараша

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Д.Трампты құттықтап, биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.

«Сіздің басшылығыңызбен Америка Құрама Штаттары дүние жүзінде тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтау және өсіп-өркендеу жолында тірек болып қала беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Елбасы Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуы әріптестігіміздің маңызды кезеңіне айналатынына сенім білдірді.

«Біз Кеңес жұмысына елеулі үлес қосып, АҚШ-пен барлық өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасауға әзірміз», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа табыс тілеп, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің