Жаңалықтар

26 ақпан 2015
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

 

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Украинадағы қазіргі ахуалды талқылап, жалпы алғанда, қақтығыс аумағында оқ атуды тоқтатуға қол жеткізілгенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Украина дағдарысын реттеу үшін 12 ақпандағы Минск келісімдерін орындаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері де қарастырылды.

Соңында В.Путин  Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға ниетті екенін айтты.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары