National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты

2023 жылғы 25 тамыз

Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон «Астана Опера» театрында ұйымдастырылған Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді. 

Экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және бағалы металдардан жасалған 200-ден астам қолөнер бұйымы, сондай-ақ дәстүрлі өрнектермен нақышталған ұлттық киімдер, белгілі тәжік суретшілерінің картиналары және Тәжікстанның көрікті жерлерінің фотосуреттері қойылған.

Содан кейін екі ел басшылары Тәжікстан өнерпаздарының концертін тамашалады. Көрермендерге тәжіктің «Зебо», «Гулрез», «Парасту» би ансамбльдері, сондай-ақ Амирджон Рузи, Шарофат Усмонзода, Ситораи Кароматулло, Тахмина Ниезова, Рахматулло Хошим, Фотимаи Худойберди және тағы басқа әншілер өнер көрсетті.

Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері 23-26 тамыз аралығында өтеді. Шара аясында тәжік кинематографиясының жауһары саналатын «Рустам мен Сухроб» көркем фильмі көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің