National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің ғылымды қажет ететін экономика қалыптастыру үшін қажетті ауыл шаруашылығындағы, медицинадағы, әуе-ғарыш индустриясындағы, көлік саласындағы жаңа технологиялар сынды перспективалы бағыттарды айқындап бергенін атап өтті.

Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова бүгінде барша әлемде технологиялардың қарқынды дамып, экономиканың жаңа салаларының пайда болып, білікті мамандар үшін жаһандық бәсеке жүріп жатқанын айтты. «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру барысында ел алдында ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттыру міндеті тұр. Осыған байланысты, Мемлекеттік хатшы «Болашақ» президенттік стипендиясының маңызды рөлін атап өтті.

Комиссия жұмысының аясында шетелде кадрларды даярлау деңгейлері арасындағы (магистратура, докторантура, тағылымдама және т.б.) ережелерді саралау мәселелері қарастырылды.

Комиссияның шешімімен магистратура мен докторантурада оқитын, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жолданатын 176 үміткерге стипендия тағайындалды.

Отырысты қорытындылай келе, Г. Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру және оның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы